Қазақстанда әуе билетінің бағасы 12 пайызға арзандады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай көрсеткіштер негізінен бірінші қазақстандық арзан әуе компаниясының ашылуымен байланысты. Олар 900 мыңға жуық билет сатқан.

Қазақстандықтардың әуе көлігімен жиі ұшуы үшін биылғы жылы арзан әуе компаниялары үшін тағы алты жаңа борт сатып алынады.

Барлық аймақтар қамтылады. Қарағанды, Ақтөбе сияқты базалық әуежайлар ашылады. Жаңа бағыттар әзірленуде. Нұр-Сұлтан - Жуковский бағыты жаңа жылға дейін ашық, - деді индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев.

Әуе тасымалымен айналысатын компаниялардың мәліметінше, билет бағасының арзандауы іщкі әуе рейстеріне сұраныстың көбеюінен. 


Авиакомпаниялардың арзан тарифтері өте бәсекеге қабілетті. Пайдалану басталғаннан бері сатылған билеттердің көпшілігінің құны 13 мың теңгеден төмен болды. Ең маңызды нәтиже - компаниялар тобы үшін жолаушылар ағынының жалпы көлемі 62 пайызды құрады. Қазақстанда қазір әуе компаниясының ішкі әуе тасымалы жылдам дамып келе жатыр, - деді әуе компаниясының президенті Питер Фостер.