Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылды - жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі

"Бүгінде әділет мекемелерінде осынау келісім-шарттарын бұзуға қатысты тиісті құжаттарды заңдық тұрғыдан рәсімдеу және тіркеу жұмыстары жүргізілуде",- деді ол.

К.Райымбековтың айтуынша, қазіргі жағдаймен шартты жер үлесін иемденушілердің 40 проценттен астамы жерге қатысты өз құқықтарын ауылшаруашылығы серіктестіктерінің жарғылық қорына, 4 процентке жуығы өндірістік кооперативтердің жарғылық қорына қосса, 20 проценті жеке шаруа қожалықтарын құрған, 12 проценті жерге қатысты құқықтарынан бас тартты. Сондай-ақ, "шартты жер үлесін иемденушілердің 10 проценті өздеріне тиесілі жерге қатысты біржақты шешім шығара алмай отыр",- деді ол.
К.Райымбековтың айтуынша, кезінде Қазақстанда жерді субарендаға алу туралы келісім-шартына 642 мың адам, немесе, шартты жер үлестерін алған 2,4 млн. шаруаның 25 проценті қол қойған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Жер кодексінің тәртіптеріне сәйкес, 2005-жылдың 1-қаңтарына дейін Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылуы тиіс.