“Автобус” операциясы шілденің 12 мен 16 аралығында өткізіледі. Шара барысында автобус конструкцияларының қауіпсіздік талабына сәйкестігіне, тасымал түріне баса назар аударылады, деп хабарлайды министрлік. Полицияның хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус бағыттары өтетін жолдардың жағдайын, жасанды құрылғылар мен темір жол өткелектерінің жайын тексереді.
“Автобус” шарасын өткізу қажеттігін полициядағылар автобус жүргізушілерінің кінәсінен болатын жол апаттары санының күрт өсуімен байланыстыра түсіндіруде. Атап айтсақ, 6 айда 165 жол апаты тіркеліп, солардың салдарынан 33 адам қаза тауып, 195-і жараланған.