"Көптеген демократиялық елдерде судьяларды сайлау үрдісі қалыптаспаған. Сол себепті сіздердің судьяларды сайлаудың қажеті жоқ деген пікірлеріңіз орынды",- деді Н.Назарбаев.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда демократиялық институттарды дамыту 25-30 жылға созылады, деп атап өткен мемлекет басшысы осы мерзімде еліміздегі билік күшті болуға тиіс, деді.
"Әрине, демократияны дамыту қажеттігі дау тудырмайды. Бірақ, жуырда елімізде болған Украина және Грузия президенттері министрлер мен судьяларды сайлау үрдісін қолданысқа енгізуге құлықсыз екенін мәлімдеді",- деді президент. "Біз министрлерді парламент тағайындайтын кезеңді де басымыздан кешірдік. Ол кезде қит еткен кішкентай мәселе үшін министрлердің депутаттардың қабылдау бөлмесін күзеткенін білеміз",- деді ол.