Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.
Азиада жеңімпаздары 10000 доллар, күміс жүлдегерлер 5000 доллар, қола жүлдегерлер 3000 доллар алады. Жаттықтырушыларға сәйкесінше 5000, 3000 және 2000 доллар берілетін болады.
Сондай-ақ, командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға жеке төлемдер қарастырылған.
Айта кетейік, Қазақстан Азиаданы медальдық есепте 11-ші орында аяқтап, 80 марапатқа ие болды, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.
Азиада 8 қазанда аяқталады. Жабылу рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді.