Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттады


2017 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 9,7 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кофе, шай және какао 20,5 пайызға, жемістер мен көкөністер - 17,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 11,8 пайызға, алкоголь ішімдіктер - 9,3 пайызға, тоқаш және ұн өнімдері - 8,6 пайызға, сүт өнімдері - 8,4 пайызға, балық және теңіз өнімдері - 7,6 пайызға, нан - 7,4 пайызға, ұн - 5,5 пайызға, май және тоң май - 3,8 пайызға, макарон өнімдері - 3,3 пайызға, қант - 1,1 пайызға қымбаттаған, ал жармалар 2,1 пайызға төмендеді. Бұл кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 10,3 пайыз болыпты. Сиыр етіне баға деңгейі 12,9 пайыз, қой етіне - 12,1 пайыз, құс етіне - 11,6 пайыз, шошқа еті - 9 пайыз, жылқы етіне - 7,1 пайыз, шұжық өнімдеріне - 5,6 пайызға жоғары болды.