Қазақстанда бағаның өсуіне экономикалық алғышарт жоқ - премьер-министр

"Біз кез-келген қауіп-қатерді, кез-келген тауқыметті жеңе аламыз, барлық проблеманы шешуге дайынбыз", - деді ол.

Премьер-министр өңір әкімдеріне "алдағы мереке қарсаңында өңірлердегі азық-түлік базарларында азық-түлік өнімдері түрлерінің көп мөлшерде қоры сақталуын, кез-келген арандатушылық әректетерге жауап қатуға дайын болу қажеттігін" тапсырды.

"Ахуалды қадағалауда ұстау қажет, вице-премьер Өмірзақ Шүкеев басқарған оперативтік штаб өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Мен мереке алдында барлық әкімшіліктерге міндетті түрде телефон қоңырауын шалып, азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалға қатысты жайтты анықтайтын боламын", -деді Кәрім Мәсімов.

Ол сондай-ақ, Ұлттық банкке "екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, алдағы мереке күндері банкоматтарда жеткілікті ақшаның болуын қадағалауды" тапсырды.

Сонымен бірге үкімет басшысы жергілікті атқарушы билік өкілдері "халыққа азық-түлік базарлары мен азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты ахуал жайлы нашар түсіндіруде", деп санайды.

"Облыстық әкімшіліктер мен мемлекеттік органдар жергілікті және орталық БАҚ-тар арқылы біздің саясатымызды халықтың назарына жеткізуі қажет", -деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті