Қазақстанда балалар суициді саны үштен бір есеге азайды


деп хабарлады бас прокурор Асхат Дауылбаев.
"Кәмілеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету және суицидтердің алдын-алу бойынша жүйелі негізде жүргізіліп отырған жұмысты ерекше атап өту керек.Соның нәтижесінде өзіне қол салуға әрекет ету жағдайлары 232-ден 159-ға дейін азайды", деді А.Дауылбаев жұмада өткен жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жүргізілген бас прокуратура алқасының отырысында.
Оның сөздерін қадағалаушы органның баспасөз қызметі таратып отыр.
Прокурорлардың жұмыс нәтижелері бойынша 2014 жылы 746 мыңнан аса азаматтың құқықтары қорғалған, оның ішінде 239 мың кәмілеттік жасқа толмаған бала бар, деді ол.