Қазақстанда балалар үйінде тәрбиеленушілердің 98%-ы түрлі ауру-сырқаулы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

"Балалар үйлеріндегі балалардың денсаулығы туралы алдын-ала тексеру нәтижесіне қарап тұжырым жасауға болады. Мәселен, балалар үйінде тәрбиеленушілердің 98%-ы түрлі ауру-сырқаулы, олардың жартысынан астамы психикалық тұрғыда дамымай қалған. Балалардың 40% жетілмей қалған, 25% түрлі дәрежедегі анемияға шалдыққан, 16% рахитқа немесе тамақтанудағы кемістіктерге ұшыраған. Балалардың басым бөлігінде туабітті генетикалық аурулары бар және орталық жүйке жүйесі қатты зақымданған. Балалардың үштен бір бөлігі мүгедек", - деді Қ. Омаров.

Вице-министрдің мәліметінше, "осы жылдың қаңтарындағы жағдаймен балалар үйлерінде мемлекеттің қамқорлығында болған балалардың саны 4 жасқа дейінгі 1 963 бала болды. Жалпы тәрбиеленушілердің 77,4% - жетімдер, қалғандарының ата-аналары бар".

"2007 жылдың қорытындысы бойынша балалар үйінен шыққандардың 59%-ын асырап алған, 27% - ата-анасына қайтарылған, 18% - білім беру және арнаулы қорғау мекемелеріне ауыстырылған, 2% -қайтыс болды", - деді Қ. Омаров.

Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, "1999 жыл мен 2008 жылдың 1 қазаны аралығында шетелдік азаматтар 7 317 жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды асырап алған, бұл жалпы асырап алынған балалардың 22,4% тең".

"Әсіресе АҚШ, Испания, Бельгия және Ирландиялық азаматтар балаларды көп асырап алған. Шетелдіктер асырап алған балалардың 90% жуығы психикалық және басқа жағынан жетілмей қалған, туабітті соз ауруларына шалдыққан. Биыл шетелдіктер асырап алған 526 баланың 327-сінің қандайбір кемістігі, тауадан пайда болған жүрек ақауы немесе мерез аурулары бар. Асырап алынған 18 балаға операция жасау қажет", - деді вице-министр.