Қазақстанда балалар үшін арнайы гемофилияға қарсы вакцина енгізіледі -ДСМ

"Қазақстанда 2008 жылдан бастап үкіметтің қолдауымен гемофилиялық ауруға қарсы жаңа вакцина енгізіледі", - деп хабарлады ол. " 1- қаңтардан бастап біз егу кестесіне өзгерістер енгізіп, оған гемофилия вакцинасын кіргіземіз ", - деп хабарлады елдің бас санитарлық дәрігері.

"Бұл вакцина - бес жасқа дейінгі балалардың 60% дейін өлімге апаратын менингит, сепсис, септикалық артрит сияқты ауыр дерттердің алдын алады", - деп түсіндірді А. Белоног. "Вакцина біріктірілген. Бірінші егу арқылы КДС, Б вирустық гепатитке қарсы дәрі егіліп, екі жақтан тиімділігін береді", - деді ол.

"Ең бастысы біз жас нәрестелер мен балалардың өлімін төмендетеміз. Оған кепілдік береміз", - деді А. Белоног. "Әрине бұл шығынды іс, бірақ жұмыс жасалынатын болады ", - деп атап өтті ол.

А. Белоногтың айтуынша, бүгінде бұл вакцина 114 елде пайдаланылады.