Қазақстанда баламалы энергетика кластері құрылады - "Қазына"

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресей жағынан келісімге "Новые энергетические проекты" ұлттық-инновациялық компаниясы, Қазақстан жағынан - "Инжиниринг және технолгиялар трансферті орталығы" АҚ мен мемлекеттік "Парасат" АҚ қол қойды.

Ғылыми-техникалық кластер "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі еркін экономикалық аймағының аумағында орналасады. Оның құрамында нанофабрика, сутегі технологияларын пайдаланып энергетикалық жабдықтар өндіретін кәсіпорын болмақ.

Форум аясында жоғары технологиялар көрмесі өтуде, оған "Қазына" ТДҚ да өз экспозициясын қойған.