Қазақстанда Балтық елдерінен шпрот әкелуге тыйым салынуы мүмкін

«Балтық жағалауы елдерінен әкелінген шпрот құрамынан көп мөлшерде канцерогенді бензопирен табылған. Қазір осы мәселені қарап жатырмын. Бірер күнде шешім қабылдаймыз», - деп «Мегаполис» басылымына берген сұхбатында еліміздің бас санитарлық дәрігері, Тұтынушылар құқын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Ж.Бекшиннің айтуынша, ведомство алдағы уақытта елімізде сатылатын сүт пен шырынның табиғи құрамын, сары майдың сапасын тексеруді жоспарлап отыр.

«Біз сүттің қаншалықты табиғилығын тексермекшіміз: ол қайнатылды ма, құрамында су бар ма т.б. мәселелер тексеріледі. Сонымен қатар, шырындарды да солай тексереміз. Тұтынушылар үшін өзекті зерттеудің бірі – сары май. Дүкенге барсаңыз, сары майдың бағасында едәуір айырмашылық бар. Мәселен, біз қорабы 200 теңге тұратын май мен 400 теңгелік сары майдың арасында қандай айырмашылық барын түсінгіміз келеді», - деді ол.