Бұл туралы Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) хабарламасында айтылған.
Комиссия 27 қыркүйектен бастап Ashyq «қауіпсіз» статусты қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен кейбір іс-шараларды өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
Салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат беріліген :
Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.
"Сары" аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.
"Қызыл" аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.
Карантиндік шектеулердің жеңілдетуі басқа объектілер мен іс-шараларға да әсер етеді. Мысалы : конференциялар, форумдар, ашық ауада марафондар,көрмелер, діни объектілер және т.б. Толығырақ-төмендегі кестеде.