Қазақстанда банктік комиссиялар саны азайды


 Бұрын олардың саны 40 болса, қазір бұл көрсеткіш 11-ге тең. Мұндай шешімнің басты мақсаты – төлем қабылдайтын барлық банктер мен микронесиелік ұйымдар үшін бірыңғай комиссияларды енгізу. Бұл тізім сарапшылардың талдауынан өткізілді. Арасында ең жиі қолданылатын комиссиялар бар. Жаңашылдық шілденің 1-інен бастап қолданыста. Мамандардың айтуынша, мұндай шара қарыз алушылардың құқықтарын қорғап, қымбат несиелерді арзандатуға көмектеседі.