Қазақстанда бәрі қазақ тілінде сөйлейді деп өтірік айтамын. Баянның қызы Айсәуле елді таң қалдырды

Әлеуметтік желіде түрлі пікірлерімен, енді бірде ерсі суретерімен елдің сынына ұшырап жүретін Айсәуле Бақытбек өзінің кезекті жазбасымен елді таң қалдырды. Бұл жолы ол Қазақстанда тұрып қазақша сөйлемеудің ұят екенін мойындапты.Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Ол өзінің instagram-дағы парақшасында былай деп пікір қалырған:

Қазақ болғаныма мақтанамын! Ал шетелде қазақ болу тіпті керемет. Әрине, орысша жиі сөйлейтініміз туралы айту ұят. Бұл туралы кейінірек. Бірақ мен бәрібір Қазақстанда барлығы мемлекеттік тілде сөйлейді деп өтірік айтамын.

Біз жалғыз ғана еркеше ұлтпыз.Азиялықпыз, бірақ қытайлар және жапондықтармен ортақ ештеңеміз жоқ. Көзіміз ғана болмаса, соның өзінде біздің олармен туыс емес екенімізді, біздің тіліміздің түркі тіліне жататынын және орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтінімізді түсіндірудің өзі керемет.

Көпшілік бізді Пәкістанмен тіпті кейде Ауғанстанмен шатастырады. Мен біздің елде тыныштық екенін әрі мұнайдың көп екенін түсіндіруді жақсы көремін.Мен шетелге азаматтық алу үшін емес, білім алу үшін келгенімді түсіндіруді ұнатамын.


Бізде ең керемет жазғы кештер, жылы түндер бар. Бізді көңіл көтеру арзан. Бізде жүздеген ұлттар тату-тәтті өмір сүреді.