Қазақстанда базалық зейнетақы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 600 теңгеге ұлғайтылады - Сұлтанов

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Бірақ, бағаның шарықтай өсуі жыл басынан бері байқалғандықтан, ағымдағы жылдың алғашқы алты айы үшін зейнеткерлерге 600 теңгеден зейнетақы өтемақысы беріледі", - деді Б. Сұлтанов.

Оның түсіндіруінше, базалық зейнетақыны өзгерту ең төменгің күнкөріс деңгейінің көрсеткішін 10 515 теңгеден 12 025 теңгеге дейін көтеруге байланысты. "Тиісінше, қазір 4 210 теңгені құрайтын базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр, сонымен бірге, нақтыланған бюджеттің жобасында зейнеткерлерге бір реттік өтемақы бөлу көзделген",- деді министр.

"Сонымен бірге, заңнамаға сәйкес ең төменгің күнкөріс деңгейінің көрсеткішіне еселі базалық әлеуметтік төлемдер де 14,4%-ға өседі", - деді Б. Сұлтанов. "Яғни, осындай жәрдемақы алатындар үшін (бірінші кезекте мүгедектер) өсім 755 - 2000 теңге аралығында болмақ", -деді ол.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, нақтыланған бюджет жобасында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысын 7500 теңгеге дейін көтеру ұсынылуда.