Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр

Аты-жөнін айтуды қаламаған ақтаулық бизнесмен қиын жағдайда қалған отбасыларға осымен екінші пәтерді сыйға тартты.

Сарай мен қора-қопсыны паналап келген көпбалалы отбасы облыс орталығынан бір бөлмелі пәтер алды, деп жазды ИнАктау.

Ерлік-зайыпты Жанар мен Асхат баспаналы болғандарына сене алар емес. Екеуі де жетім өскен, сондықтан олар өз күшіне ғана сенуге дағдыланған. Төрт баланы асырау үшін Жанар мен Асхат кез келген жұмысты істеп келген. 

"Ерлі-зайыпты сарайларда, қашаларда тұрған, олар далада ауыр жұмыс істеген, мал баққан. Ол жақта ешқандай жағдай жасалмаған, мысалы, жарық, жылу деген атымен болмаған", — деді өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Айсұлу Дүтбаева. 


Отбасыға жаңа пәтердің кілті тапсырылды. Қайырымды жан ерлі-зайыптыға құжаттарын рәсімдеуге де көмектеспек.

Бұған дейін бұл кәсіпкер төрт баласының екеуі мүгедек жалғыз басты анаға ауылдан екі бөлмелі пәтер сатып әперген болатын.