Қазақстанда биоотын өндірушілердің қауымдастығы құрылды



Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қазақстанның биоотын өндірушілерінің қауымдастығын құрудағы мақсат -"елімізде биоотын өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін мүдделі кәсіпорындарды біріктіру" болып табылады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауымдастық құру жөніндегі бастаманы көтеріп үйлістіруші - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ болып табылады.

"Қазақстандағы жеті компанияны біріктіретін қауымдастық ашықтық, тәуелсіздік және дербестік принциптеріне негізделген", - делінген хабарламада.

Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлағанындай, 22 тамызда бірлестіктің құрылтай жиналысы өтіп, онда қауымдастықтың атқарушы директоры болып Бейсен Дөненов сайланды, ол бұрын "Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" РМК-ында жұмыс істеген.