Қазақстанда бір аптада 2,5 мың қылмыс жасалған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір аптада 2514 қылмыс жасалды, оның 1570-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 2 қылмысты ашты. Сонымен қатар 23 тонау, 351 мүлік ұрлау қылмысы ашылды», – деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде елімізде қылмыс саны азйып келеді.


ІІМ статистикасына сүйенсек, жасалатын қылмыстардың шамамен 50% – ұрлық.

Одан бөлек брифинг барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен есірткі және нашақорлық қылмысына қарсы күрес бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатқаны айтылды.