АҚШ долларының сатылымдағы бағасы Қазақстан қалаларындағы айырбастау орындарында 384 теңгеге жетті, деп хабарлайды Today.kz Курс.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірнеше сағаттың ішінде Қазақстанның ұлттық валютасы қатты құнсызданды. Астананың айырбастау орындарында 384 теңгеден сатылды (түнгі 23:59-дағы көрсеткіш). Америкалық валюта орта есеппен 376 теңгеге бағаланды.
Елорданың кейбір айырбастау орындарында доллар сатылып жатқан жоқ.
Алматыда доллар курсы 380-382 теңге аралығында құбылып тұр. Алматыда ашық тұрған айырбастау орындары 00:28-дегі көрсеткіш бойынша Астанаға қарағанда көп.
Шымкентте бұл уақытта екі компанияның ғана айырбастау орындары жұмыс істеді.
Естеріңізге салайық, 6 қыркүйекте күндізгі сауда сессиясынан кейін KASE-де доллар курсы 372,6 теңгеге өскен болатын.