Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, республика бойынша 5 адам өлтіру, 5 қарақшылық, 25 тонау, 116 ұрлық және 16 есірткі қылмыстары жасалған. Сонымен қатар, 279 оқыс оқиға, соның ішінде 53 жол апаттары тіркеліп, 17 адам қайтыс болып, 82-сі жарақаттанған. Өткен тәулікте республика бойынша 27 өрт шыққан.
Баспасөз орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында екі кісі өлтіру дерегі ізін суытпай ашылған. Сондай-ақ полицейлер Көкшетау мен Ақтөбеде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Оймауыт аулында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Суық Бұлақ аулында бұрын жасалған кісі өлтіру қылмыстарының беті ашылғандығын хабарлауда.
Полицейлердің хабарлауынша, Семейде АІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 10-қазанда кәсіпкердің 10 млн 600 мың теңгесін иемдену үшін қарақшылық шабуыл жасаған осы қаланың азаматын құрықтаған. Кәсіпкер пышақ жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті