Ақпарат орталығының мәліметтері бойынша, республика ау мағында 5 кісі өлтіру, 5 қарақшылық, 30 тонау, 143 ұрлық, 20 есірткі қылмысы жасалды. Сондай-ақ, 229 оқыс оқиға тіркеліп, 49 жол көлік оқиғасында 9 адам қаза болып, 58-і жарақат алды. Тәулік ішінде елде 24 өрт шығып, соның салдарынан 3 адам көз жұмды.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, полиция қызметкерлері ізін суытпай 4 кісі өлтіру қылмысын ашты. Астананың "Алматы" ауданында 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өлімге күдікті болған 25 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны құрықталды.
Ақмола облысы Атбасар ауданында өз үйінің ауласында Көкшетау университетінің 3 курс студенті ұрыс-керіс кезінде аңшылық мылтықпен 20 жастағы жас жігітті атып өлтіріп, 23 жастағы адамды жарақаттаған. Күдікті азамат АІІБ жеткізілді. Тіркелген ИЖ-58 12-го калирблі мылтық тәркіленді.
Полиция қызметкерлерінің деректері бойынша, бұдан бұрын жасалған қылмыстар да ашылды. Таразда Еңбекші АІІБ және Оңтүстік облысының криминалдық полицейлері 22 қазанда 37 жастағы әйелді өлтіріп, мәйітін қаланың сыртына апарып жасырған 21 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын қолға түсірді.
ІІД криминалдық полициясы Шымкентте 6 қарашада кәсіпкерге жасалған қарақшылыққа қатысқан 22 жастағы азаматты ұстады. Онда белгісіз біреулер кәсіпкерге "ОСА" тапаншасын кезеніп, 20 мың АҚШ доллары мен "Тойота" автокөлігін иемденіп кеткен. Қазір көлік иесіне қайтарылып, қарықшылыққа қатысқандарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ақпарат орталығындағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті