Қазақстанда бір тәулік ішінде 373 қылмыс жасалып, оның 286 ашылған

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, жалпы республика бойынша 4 кісі өлтіру, 3 қарақшылық шабуыл, 30 тонау, 116 ұрлық және 15 есірткі қылмыстары жасалған. Сонымен қатар, 284 оқыс оқиға болған, олардың 58-і жол-көлік апаты. Көлік апаттарының салдарынан 10 адам қаза тауып, 66 адам жарақаттанған. Өткен тәулікте республикада 70 өрт болып, тілсіз жау 2 адамның өмірін қиған.

Баспасөз орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Алматыда, Алматы облысының Жамбыл ауданының Мыңбаев аулында және Ақмола облысының Шортанды ауданының Степное аулында болған кісі өлтіру қылмыстарын ізін суытпай ашқан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-қарашада Алматының Жетісу ауданында Шоссейный көшесінің бойындағы "Достар" кафесінен екі адам ауруханаға жеткізілген. Олардың бас жарақаты мен пышақ жарақатын алған, біреуі кейінірек ауруханада көз жұмған. Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері мен АІІБ учаскелік инспекторы дау-жанжалдағы бұзақылықтың салдарынан адам өлтіргені үшін Алматы тұрғынын құрықтаған.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығының хабарламасына сүйенсек, бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысының беті ашылған. Атап айтқанда, Қарағандыда Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері дау-жанжал кезінде 52 жасар еркекті өлтірген қала тұрғыны, "Сағитов" жұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін құрықтаған. Өлген адамның денесі даладан, жеңіл көлігінің жанынан табылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті