"Базалық зейнетақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы мөлшері 26110 теңге болып, ең төменгі зейнетақы 18%-ға өседі, ал ең төменгі зейнетақыны алушылар саны азайып, ең жоғарғы зейнетақыны алатындар саны артады", -деді ол. Оның бағалауынша, 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап орташа зейнетақы 13660 теңгеге жетеді.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, 2008 жыллың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі биылғы 3910 теңгеден 2008 жылы 4220 теңгеге дейін өседі.
Министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап "№2 тізім бойынша" арнаулы жәрдемақылар төлене бастайды. "Жәрдемақы мөлшері 8 Айлық есептік көрсеткішке тең, яғни, бұл 9344 теңге, оны 27 мың адам алады", - деді ол.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, 2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап екіқабат әйелдер мен олардың босануына байланысты төлемдер артады.
Жалпы алғанда, келесі жылдың бюджетінде әлеуметтік төлемдерге 44,7 млрд теңге қарастырылған.