Қазақстанда бірқатар саяси партиялар бірігіп демократиялық күштерді үйлестіру кеңесін құруға кірісті

Үйлестіру кеңесі Қазақстандағы саяси реформаларды жүзеге асыру бағытында елдегі демократиялық күштердің әрекеттері мен күш-жігерін үйлестіру үшін құрылады. Осындай кеңес құруға бастама көтерген саяси партиялар "республикадағы қазіргі саяси ахуалды жалпы бағамдау және қоғамдық көзқарастың келешегі тұрғысындағы ұстанымдарының өзара сабақтасуы негізінде өз іс-қызметін бағдарлайды",- делінген хабарламада.

Бастамашылрдың айтуынша, кеңестің басты мақсаты "Қазақстанның демократиялық күштері одағын құру үшін" саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерінің күшін біріктіру болып табылады. Сондай-ақ, кеңесті құрушылар еліміздегі саяси реформалардың бағдарламасы мен болашақ президент сайлауындағы демократиялық күштердің сайлау алдындағы біртұтас тұғырнамасының жобасын әзірлемекші. Кеңеске қатысушылар сонымен бірге президент сайлауында демократиялық күштердің атынан ортақ үміткердің атын ұсыну үшін біртұтас ұстаным жобасын жасап келіспекші.
Кеңес құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де енеді деп күтілуде.