"Битум мәселесі дәйектелді, қазір "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ таза, қоспасы жоқ Қаражамбас мұнайын жеткізу жайын анықтады, бүгінде зауытты Өзенде ме, әлде Ақтауда орналастыру керек пе деген мәселе талдануда", - деді Л. Қиынов.
"Меніңше, жылдың аяғына дейін біз түпкілікті шешім қабылдаймыз", - деді ол Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде. Өз кезегінде үкімет басшысы энергетика министрлігіне бұл мәселені ағымдағы жылға сыйғызып шешуді тапсырды. "Қараша айында шешейік, бұл мәселе үшін Мыңбаев тікелей жауап береді", - деді Кәрім Мәсімов.