«Жаңа индустрияландыру саясаты өткен жылы да біздің негізгі мінетіміз болды. Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан еліміздің өңдеуші өнеркәсібі оң динамика көрсетті, жұмыс орындары сақталды», - деп атап өтті ол.
Еліміздің барлық салалары арасында машина жасау өнеркәсібінің қарқыны артып, көш бастап келе атап өткен министр: «112 пайыз жоспарланса, өсім шамамен 115 пайызға жетіп отыр. Өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көлік өндірісі 2 есеге, автобустар өндірісі 4 еседен астам өсті», - деді.
Сондай-ақ Ә.Исекешевтің атап өтуінше, ағымдағы жылы да машина жасау саласына зор көңіл бөлінетін болады. Автомобиль өндірісінде 60 мыңдық межені бағындыру да міндет ретінде жүктеліп отыр.
«Өздеріңіз білетіндей ағымдағы жылы Тойото компаниясы жобасы бойынша алғашқы жол талғамайтын көлік шығарылады», - деді ол.