Қазақстанда биыл алынатын жалпы астық мөлшері қанша болмақ?

«Былтырғы жылы жиналған жалпы астық мөлшері 17,2 млн тоннаны құрады. Биыл астық мөлшері былтырғыдан аз болады деп жоспарлаудамыз», - деп Ауыл шарушылық министрінің орынбасары Сапархан Омаров бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, республикада 2014 жылы 17,162 млн тонна астық пен бұршақ дақылдар алынды.

Қазақстан биылғы маркетинг жылында жоспарланған 7 млн тонна астықтың 4,7 млн тоннасын экспортқа жөнелтті. 


«2014-2015 жылдары экспорттық әлеует 7 млн тонна деңгейде жоспарланған. Бүгінгі таңда 4,7 млн тонна жөнелтілді. Астық экспортталатын негізгі елдер: Орталық Азия - 2,1 млн тонна. Ресей - 119 тыс. тонна, Қытай  - 55 мың тонна, ЕО елдері - 61 мың тонна Таяу Шығыс елдері - 17,9 мың тонна", - деп ол бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.