"Корпорация "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мен "Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі орталығы" ЖШС-ін біріктіру арқылы құрылады",- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, жаңадан құрылатын корпорация "Қазақстан экспортын шетелдерге шығаруға және ел экономикасының шикізаттан басқа салаларын дамыту үшін басқа елдерден инвестициялар тартуға түрткі болу" мақсатын көздейтін болады.
Ал "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ төрағасының кеңесшісі Гаяне Африкянның айтуынша, жаңа корпорацияны құрудағы басты мақсат - еліміздегі шетелдік компаниялардың инвестициялық іс-қызметтерін қолдау арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық іс-қызметіне қолдау көрсету болып табылады. Ол отандық және шетелдік кәсіпорындар арасында іскерлік байланыстар орнатуға қолдау көрсету міндетін атқармақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті