Қазақстанда биыл ҰБТ бойынша ең жоғарғы 125 баллды 2 адам жинай алды

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан баспасөз-релизінде 125 баллды Павлодар қаласының №9 мектебінің түлегі Әлия Өміралина мен Шығыс Қазақстан облысының М. Әуезов атындағы мектебінің түлегі Назерке Садықова жинады деп атап көрсетілген.

Сонымен қатар, министр 5 пән бойынша 100 баллдан жоғары көрсеткішке барлық тестке қатысқандардың 6,6 пайызын құрайтын 7 637 түлек қол жеткізгенін хабарлады. Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы бұл көрсеткіш 10,6 пайызға тең болған.

Ж. Түймебаев ең жақсы көрсеткіштерді Астана қаласы мен Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы мектептерінің түлектері көрсеткенін де айта кетті.