Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оны өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев

"2007 жылы өндірілген электр қуатының көлемі 76,4 млрд кВт-с жетіп, оның 76,3 млрд кВт-с тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 6,5% құрады", - деп хабарлады С. Мыңбаев.

"Электр қуатының тұтынылған және шығарылған тепе-теңдігі өтіп бара жатқан күзгі-қысқы кезеңінде елде қуат резервтерінің жоқтығын білдіреді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 22,8 млрд кВт-с өндіріліп, оның 23 млрд тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 9% құрады", деді ол.

"Сөйтіп, жылдың басынан тұтыну көлемі өндіру көрсеткішінен асып түсті. Сондай-ақ, Жамбыл ГЭС бұдан бұрын тек күзгі-қысқы кезеңінде ғана қосылып отырды дегенді ұмыту керек, бұл станция жыл бойы жұмыс істейді", -деп атап өтті министр.