Қазақстанда биылғы жылы ЖІӨ өсімі 5% деңгейінде болады

"Қазақстанның макроэкономикалық дамуына әсер ететін жағдайлар мен үрдістерді ескере отырып, биылғы жылы ЖІӨ нақты өсімі 5 % деңгейінде болады деп бағалап отырмыз", - деді министр.

Ол ескерткеніндей, былтырғы жылы ЖІӨ өсімі 8,5% құраған. Б. Сұлтанов атап өткеніндей, өндіріс көлемінің ұлғаюы барлық секторларда байқалды.

Оның сөздері бойынша, өңдеу өндірісіндегі көлемдер өсімі 6,7 % құраса, тау-кен кәсіпорындарының өсімі 2,6% жетті. Ал ауыл шаруашылық өнімдердің жалпы көлемі 8,4% өсті.