Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
«Жыл соңына дейін Қазақстанда бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданады. Бұл ТМД елдерінде бұрын-соңды болмаған жаңалық. Біздіңше, бірден-бір тиімді құрал – әлеуметтік диалог. Ол тұрақты шешімдер қабылдап, қолайлы әлеуметтік климат қалыптастыруға, кәсіпорында да, қоғамда да тұрақтылық орнатуға мүмкіндік береді», - дейді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, делінген хабарламада.
Оның айтуынша, тұжырымдамада тек ірі ғана емес, орташа кәсіпорындарда да корпоративтік келісімшарт бекіту туралы норма енгізілген.