Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
2017 жылдың 22 маусым күні 10 сағат 20 минутта Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» тасжолының 946 шақырымында, Қарабұтақ кентінен 20 шақырым жерде «Мерседес» маркілі 2 қабатты жолаушылар автобусы аударылды. Автобуста 52 адам болған, оның 50-і Өзбекстан азаматы және екеуі ҚР азаматы екендігі анықталды. Автобус РФ Волгоград -Шымкент бағыты бойынша жүріп келе жатқан. Автобустың аударылуы салдарынан - 9 адам (Өзбекстан азаматтары) қаза тауып, 18 адам (17 Өзбекстан азаматы мен 1 ҚР азаматы) - ауруханаға жеткізілді; 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. «Қауырт желі» телефондары ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық ТЖД-да - 8-713-2- 56-29-62, Әйтеке би аудандық ТЖБ-да 8-713-39-2-56-45.