Қазақстанда болу ережесін бұзған шетелдік азамат жауапқа тартылды

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал-Ақтөбе бағытындағы №641 жолаушылар пойызын шекаралық тексеру кезінде РФ азаматы төлқұжатымен қоса мерзімі өтіп кеткен көші-қон карточкасын ұсынған, сөйтіп Қазақстанда болу ережесінің бұзылуына жол берген.

Сот талқысында құқық бұзушы өз айыбын толықтай мойындап, өкінетіндігін жеткізді. Аудандық сот оны үш тәулікке қамауға алу жөнінде қаулы қабылдады.