«Барлық бұл кәсіпорындар мұнай-газ секторын материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласына жұмылдырылады. 62 БК-ның 35-сі - шағын және орта кәсіпорындар. Біз 20 мыңға жуық адам тартылатын қайта құрылған бірлескен кәсіпорындардың айналымы жылына 2,5 млрд. долларды құрауы мүмкін деп болжап отырмыз», - деп хабарлады бүгін Атырауда өткен қазақстандық-британдық форумда ҚР-дағы Ұлыбритания премьер-министрінің сауда уәкілі Чарльз Хендри.
Айта кетейік, аталмыш форумға 42 британдық және 40 қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.