"Бруцеллез, қызамық пен ВИЧ-індетінің өсуі байқалады ", - деп атап өткен А. Белоног сонымен бірге жалпы алғанда еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты.
"Біз бақылап отырған 61 жұқпалы індеттен 36-сы бойынша ауру мүлдем байқалмаса, 16-сы бойынша бірлі-жарым ғана оқиға шықты. Жұқпалы 8 ауру бойынша азаю ағымы байқалады", - деді ол.
Кейінгі жарты жылда қызамықпен ауыру 39%-ға, ротавирустық энтеритке шалдығу 48,5%-ға, ВИЧ/СПИД - 23,1%-ға өскен.
Сондай-ақ, ел бойынша алғанда орта есеппен туберкулезге шалдығу көрсеткіші 2,8%-ға азайған, алайда жұқпалы дертке қатысты ахуал әлі де күрделі күйінде - әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 66,8 науқастан келеді. Осы орайда туберкулез дертінің көбею оқиғасы Астанада 2,1 есе, Алматыда 4,8%, Ақмола облысында 6,3%-ға, Маңғыстау облысында 2,9%-ға тіркелді.
Сонымен бірге бас санитарлық дәрігер Алматыда аурулардың алдын алу мен қадағалаудың өңірлік Атланта (CDC) орталығы ашылғанын хабарлады. Ол эпидемилогиялық қадағалау және зертханалық диагностика мамандарын дайындаумен айналысады.