Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланады- Мәсімов (толықтырылған нұсқа)

"Мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде берген тапсырмасына орай, мен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау жөнінде қаулыға қол қойдым", - деді К. Мәсімов.

" Сөйтіп, мораторий бүгіннен бастап күшіне еніп, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады", - деп толықтырды премьер-министр

Бұдан бұрын хабарланғанындай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялаған болатын. Бұл туралы ол 14 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

"Тексерулерді жеңілдеті үшін барлық шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялаймын. Әрине, бұл мораторий адамның денсаулығына, қауіпсіздігі әсер ететін тағы сол сияқты дәрі- дәрмек, азық- түліктермен айналысатын өндіріс орындарына таралмайды ", - деді президент.

Мемлекет басшысы үкіметке "мораторийді қашаннан бастап, қанша уақытқа дейін жариялауды жіті қарастыру керек", деген тапсырма берді.

"Мен айтқанымдай, бақылау органдары бизнестің дамуын тежеп отыр. Жақын уақытта бұл жағдайды талдап, тиісті шешім қабылдау қажет", - деді Н. Назарбаев. "Тексерулерді жүрзігу керек, бірақ тәртіп болу керек", - деп атап өтті ол.