"Мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде берген тапсырмасына орай, мен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау жөнінде қаулыға қол қойдым", - деді К. Мәсімов.
"Сөйтіп, мораторий бүгіннен бастап күшіне еніп, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады", - деп толықтырды премьер-министр.