Қазақстанда Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымының кеңсесi ашылады


Оның сөзiне қарағанда, Қазақстан маңызды ауылшаруашылық державасы болып табылады. Владимир Рахманин Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiне уақытша мүшелiк ету құқығы аясында азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселесiн бiрiншi орында ұсынуды жоспарлап отырғаны заңдылық екенiн де атап өттi.

"Бүкiләлемдiк азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымы Қазақстан үкiметiмен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бiз әрiптестiктiң деңгейiне қанағаттанып отырмыз және бұл байланыстарды одан жоғары сатыға, жоғары деңгейiне көтеруге болады. Қазiр соңғы қадам ретiнде Қазақстанда ұйымның кеңсесiн ашу мәселесi талқылануда", - дедi ол.