Қазақстанда бүлдіргі мазмұндағы 55 интернет-сайт жабылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Ертас Мұратбеков мәлім етті.

«2014 жылдың екінші жартыжылдығында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 7 мыңнан астам интернет-ресурстерге талдау жасады. Бұл сайттардың мониторингі олардың арасынан бүлдіргі мазмұндағы 170 сайт анықталып, оның нәтижесі бойынша талдау жұмыстары атқарылып, бұл сайттар жабылды. Бүгінде орталық осы жұмыстарды жалғастыруда. Биыл 5 мыңға жуық интернет-ресурстардың мониторингі іске асырылып, бүлдіргі  бағытындағы 55 сайт анықталды», - деді ол.

Осы орайда Е. Мұратбеков қазақстандықтарды бұндай сайттарды байқаған кезде міндетті түрде хабарлауға шақырды.


«Бүлдіргі сайттарды анықтаған адамдар болса, оны біздің орталықтың сайтындағы қызмет арқылы хабарлаудың мүмкіндігі бар», -  деді ол.