Қазақстанда бункерлік салмағы бойынша 15,8 млн. тонна астық жиналды

"Бүгінгі жағдаймен орақ науқаны аяқталды. Ел көлемінде бункерлік салмағы бойынша 15,8 млн. тонна астық жиналды. Орташа түсім бір гектардан 11,3 центнерді құрады",- деді ол.

Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, биылғы астықтың 12,9 млн. тоннасы бидай. Сонымен бірге елімізде 452 мың тонна шикі мақта жиналды.