Қазақстанда бұрқасындатып, қар жаууы үдей түседі

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Жалаңашкөл ауданында желдің ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа, Ақмола облысында ұйытқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, көктайғақ болады.

Сонымен қатар, таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылады. Республиканың оңтүстігіндегі аласа таулы өзендерде жауын-шашынның мол түсуінен су  деңгейі көтеріледі. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.