Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырған науқастар саны арта түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 791 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ал бір күн бұрын мұндай диагноз 762 науқаста расталған болатын.

Инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары Алматыда 91-ге дейін өсті. Сондай-ақ, COVID-19 дертіне шалдыққан науқастардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Көрсеткіш – 242.

Ал Маңғыстау мен Қызылорда облысында инфекция жұқтырудың ешбір жағдайы тіркелген жоқ.


Нұр-Сұлтанда соңғы бір тәулікте 53 адам COVID-19 індетін жұқтырса, Шымкентте – 5.

Жалпы, республика бойынша 123 888 жағдай расталды.