Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша елде науқастардың саны 9304-ке жетті.
Айта кетейік, аурудан 4613 адам айықты.
Өсім - 3,7 пайыз.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 78 (4,6 пайыз)
- Алматы қаласы - 77 (3,4 пайыз)
- Қарағанды облысы - 43 (6,5 пайыз)
- Шымкент қаласы - 38 (5,6 пайыз)
- Атырау облысы - 21 (2,3 пайыз)
- Батыс Қазақстан облысы - 20 (4,4 пайыз)
- Жамбыл облысы - 15 (4,4 пайыз)
- Шығыс Қазақстан облысы - 7 (10,6 пайыз)
- Қызылорда облысы - 7 (2,4 пайыз)
- Алматы облысы - 5 (1,7 пайыз)
- Түркістан облысы - 5 (1,5 пайыз)
- Ақтөбе облысы - 4 (1,4 пайыз)
- Қостанай облысы - 4 (3,1 пайыз)
- Маңғыстау облысы - 4 (2,3 пайыз)
- Павлодар облысы - 4 (2,1 пайыз)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 3 (6,5 пайыз)
Еске салайық, 26 мамырда Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болғаны хабарланған. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысында тіркелген - әйел адам 1965 жылы дүниеге келген. Осылайша елде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 37-ге жетті.