Қазақстанда дағдарыс бар ма?

Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бұл пікірді орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды, Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тілшінің сұрағына жауап берген Дәленов Қазақстанда 2017 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрағанын атап өтті. Былтырғы экономикалық ахуалдың жаман болмағанын келесі көрсеткіштерден білуге болады: өндіруші емес өнеркәсіп салаларында 2/3 өсімге қол жеткізілді; барлық ішкі салада алға ілгерілеушілік байқалады; өңдеуші өнеркәсіп салаларында бес жылдық максимум тіркелді; қажетті салаларда да айтарлықтай өсім бар (мәселен фармацевтикада 41,8%); шикізаттық емес және терең өңдеуден өткен тауарлар экспорты ұлғаюда.

Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық экономика министрінің орынбасары айтқандай, мұнай бағасы биыл барреліне 45 доллар деңгейіне жетті.


"Қазір биылғы бюджет үшін болжамды шынайы бағаны таңдап жатырмыз. Тағы бір жайтты ескеруіміз қажет, экспорт айтарлықтай өсті, әрі қарай да ұлғаятын болады, өнеркәсіп те жақсы дамып келеді, барлық параметр жоғарылады. Нақты таңдалатын күнді анықтап айта алмаймын. Қаржы министрлігі ұсыныстарды жинап жатыр, үкіметте ақылдасып шешкен соң, шешім қабылданады", — дейді Руслан Дәленов.