Қазақстанда декларацияда құны 20 мың доллардан асатын зергерлік әшекейлер мен мәдени құндылықтарды көрсетуді міндеттейтін болады

Жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 3 млн теңгеден асатын мүлік, қолма-қол ақша, несие қарызы туралы ақпаратты көрсетуді міндеттеу көзделген, делінген сәрсенбіде Астанада "Қазақстан Республикасы азаматтарының табысы мен мүлігін жалпыға ортақ декларациялауға өту туралы" стол басында таралған баспасөз хабарламасында.

Декларацияларда сондай-ақ биологиялық активтер, бағалы тастар, бағалы металдар, өнер туындылары және антиквариаттың құны 20 мың доллардан не 3 млн теңгеден асқан жағдайда олар туралы мәліметтерді көрсету міндеттелмек.

Жеке тұлға банкке қатысты мәліметтерді (депозиттер, несиелер) тек шетелдік банктер бойынша ғана декларациялауға тиіс болады, қазақстандық банктердегі депозиттер мен несиелер бойынша мәліметтерді банктерден салық қызметінің органдары алады.