«Аптап ыстық ауа райы сақталады. Республика облыстарының басым бөлігінде күндізгі температура 30-36º, батыста - 37-41ºС ыстық болады, бұл климаттық мәннен 4-8ºС-қа жоғары. Республиканың шығысында ғана қалыпты және қалыптыдан төмен салқын ауа райы сақталады. Батыс өңірде, дүйсенбіде оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста өткінші жауын жауып, күн күркіреуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.