Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның бірқатар аймақтарында салқын түсіп, жаңбырлы болмақ. Дегенмен, оңтүстік аймақтарда ауа температурасының жоғарылауы байқалады.
"Солтүстік-батыс антициклон республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында жылудың төмендеуіне әкеледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасының одан әрі көтерілуі күтіледі", - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.