Жарлықта атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы заңына сәйкес, дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітуді қаулы етемін",- делінген.
Жарлық бойынша республика үкіметі бір ай мерзімде бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекітуге тиіс.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
Ал Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігіне жарлыққа сәйкес жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының үкіметіне бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отыру міндеттелді.
Жарлықтың орындалуын бақылау үкіметіне жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті